Бүгінгі таңда металл пластиктен жасалған бұйымдар — бұл қолайлы әрі үнемді таңдау. Металлпластик жоғары пайдалану қасиеттеріне ие, ағаш пен алюминиймен салыстырғанда бірқатар елеулі артықшылықтары бар, оның ішінде бағасы да аса тартымды.«Металлпластик конструкция» деген нені білдіреді? Бұл пластик профильден (ПВХ) жасалған, жылуды оқшаулауды және бұйымның эстетикалық келбетін қамтамасыз ететін өзіндік қабығы бар, сондай-ақ конструкцияға қаттылық беретін болаттан арматураланған профильден тұратын конструкция.
Металл пластик конструкциялардың негізгі артықшылықтары:
1. Ұзақ уақыт сақталуы және атмосфералық әсерлерге төзімділігі
Сапалы металл пластик бұйымды пайдалану мерзімі кем дегенде 20 жыл, бұл ретте мұндай бұйымдар қарға, жаңбырға, бұршаққа, дауылға, температура ауытқуларына сезімталдығы төмен.
2. Эстетикалық сырт келбеті
Заманауи өндіріс технологиялары түрлі-түсті, мөлшерлер мен пішіндегі (тікбұрышты, арка, сүйір, дөңгелек және т.б.), кез келген дизайндегі конструкцияларды өндіруге мүмкіндік береді.
3. Герметикалығы және стилі, үйде де, кеңседе де кез келген интерьер үшін.
Металл пластиктен жасалған бұйымдар барлық тігістерді герметикалау және шыныпакеттерді пайдалану есебінен жоғары жылу және шуылды оқшаулауға ие.
4. Пайдалану мен күтім жасауда қарапайымдылық
Заманауи фурнитура бұйымның жармаларын әртүрлі жазықтықтарда ашуды қарастыруға мүмкіндік береді. Металл пластик бұйымдарына күтім жасау өте қарапайым — оларды құрамында еріткіштер немесе абразивті заттар жоқ әдеттегі жуғыш құралдармен жууға болады.
5. Өрт қауіпсіздігі
Металл пластик конструкциялар ұлттық, халықаралық қрт қауіпсіздігінің барлық стандарттарына жауап береді, себебі ПВХ — қиын тұтанатын және өздігінен сөнетін материал.
6. Экологиялылығы және адам үшін мүлдем зияны жоқ
ПВХ-профильдің экологиялылығы арнайы сертификаттармен расталған. Сонымен қатар одан жасалған бұйымдар алуан түрлі саңырауқұлақтар мен зеңдерге ұшырамайды.