Рейтинг@Mail.ru

Фурнитура

Терезе фурнитурасы  — бұл пайдалану жайлылығы мен қолайлығы үшін жауап беретін терезе бөлігі. Сапалы фурнитура терезенің тегіс ашылуын, бұзып кіруден қорғауды және көптеген басқа да пайдалы функцияларды қамтамасыз ете отырып, оны пайдалану мүмкіндіктерін біршама кеңейтеді.

«Алкон+» фирмасы өз клиенттеріне Siegenia Aubi компаниясынан премиум-классты фурнитураны ұсынады. Бұл еуропа нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылатын және жоғары сапалы, мықты әрі ұзақ уақыт сақталатын фурнитураны қолжетімді бағада өндіретін неміс компаниясы.

Siegenia Aubi фурнитурасы сізге терезе элементтерін қарапайым басқаруды: әртүрлі режимдерде ашуды, бір конфтрукцияда әртүрлі жармаларды икеміді үйлестіруді, үй-жайды желдету мүмкіндігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге қауіпсіздікті: бұзып кіруден қорғауды қамтамасыз етеді. Біздің фирмамыз қолданатын Siegenia Aubi терезе фурнитурасы жүйелері денсаулық үшін қауіпсіз материалдардан дайындалған және таттанудан сенімді қорғалған. Сондай-ақ концерннің өнімінде DIN ISO 9001 бойынша сертификатының болуы да аса маңызды — бұл, әрине, сапаның, сенімділіктің, монтаждау мен қызмет көрсетудегі ыңғайлылықтың ең сенімді кепілі.

Siegenia-Aubi фурнитурасының басқа өндірушілердің осы іспеттес бұйымдарынан басты ерекшелігі неде?

Сапаны бақылау

Барлық бұйымдар Германия аумағында ғана өндіріледі, кәсіпорындарда оның сапасын бақылау нағыз неміске тән педанттылықпен ұйымдастырылған. Фурнитураның жұмыс тетіктері титан мен күмістің үйлесімімен өңделген, бұл оларға таттануға жоғары төзімділік береді. Siegenia-Aubi фурнитурасының арқасында жармалар жақтауға терезе периметрі бойынша біркелкі жанасыпдыбыстық және жылуды оқшаулауды барынша жақсартады.

Модульдық конструкциялар

Әртүрлі жағдайларда фурнитурадан әртүрліфункциялар талап етіледі, және клиентке өзі ешқашан қолданбайтын заты үшін артық төлеудің қажеті шамалы. Siegenia-Aubi фурнитурасы конструкцияларының модульдығы сатып алушыға қажетті функционалды ғана қалыптастыруға мүмкіндік береді. Базалық жиынтық бар, соның негізінде қосымша опцияларды күйіне келтіруге болады.

Secustik

HOPPE Secustik тұтқасы қылмыскерге сіздің үйіңізге кіруге кедергі келтіреді: Secustik тұтқалары тиімді негізгі қауіпсіздікті тартымды бағада ұсынады. Secustikтұтқасындағы патенттелген бұғаттау тетігі терезені сыртынан бұзуға тосқауыл болады. тұтқа қозғалған кезде бұғаттау тетігі іске қосылады және сіз терезе қауіпсіздігінің функциялары туралы хабар беретін ерекше сырт еткен дыбысты естисіз.

Микролифт

Терезе жармалары, өкінішке орай, мәңгілік емес: уақыт өте келе олар өзінің меншікті салмағының әсерінен салбырап қалады. Терезе герметикасы бұзылады, өкпек желдер кіре бастайды. Бұрын бұл проблема жарманы ауыстырумен ғана шешілетін, бұл үй иелерін едәуір шығындарға батыратын еді. Алайда Siegenia-Aubi компаниясының инженерлері басқа тәсілін ойлап тапты: шағын шығыршықтары бар микролифт— ол қажет болған кезде салбырап қалған жарманы сәл көтереді. Микролифт жарманың астына құрастырылады — дәл сол жер үлкен жүктемеге ұшырағыш. Құрылғы екі күйде: айналмалы режимде де, айқара ашу режимінде де жұмыс істейді.

Микрожелдеткіш

Терезелерді желдету қарқындылығын реттеу мүмкіндігі үшін қыс-жаз. Айналмалы-айқара ашылатын терезелер, ең кең тараған болса керек, себебі бұл ретте терезені ашпай айналмалы режимде үй-жайды желдету мүмкіндігі өте ыңғайлы. Сондай-ақ қысқы желдету (микро желдету, қуыстық желдету) режимі бар, бұл режим кезінде жарма айқара ашылып, жақтау мен жарма арасында шағын саңылау түзіп, ауа циркуляциясын қамтамасыз етеді. Ендігі жерде аралық нұсқа, қыс-жаз фурнитурасы бар, онда жарманың иілу бұрышын екі күйде реттеуге болады, желдету режимдерін айырып-қосудың көмегімен толыққанды айқара ашу немесе қысқы айқара ашу (40 мм жоғары нүктеде).

Режимді айырып-қосу үшін айырып-қосқыш жалаушасын жай ғана бұрау қажет. Егер сіз жарманы айналмалы режимде ашсаңыз, оны жақтаудан оңай табуға болады. Осылайша, қыс-жаз фурнитурасының көмегімен Сізде маусымға қарай үй-жайды желдету қарқындылығын ауыстырудың және Сіз үшін қолайлы микроклимат құрудың тағы бір мүмкіндігі пайда болады.

Бұзып кіруден қорғау

Қазіргі аумалы-төкпелі кезеңде өз пәтеріңді өкпек желден ғана емес, сондай-ақ ұры-қарыдан да қорғау қажет.Siegenia-Aubi концерні, өз өнімін әзірлеген кезде мұндай қорғанышты да қарастырған: FAVORIT Si-line жүйесі. Жүйе бір жарым тоннаға дейін жүктемені көтере алатын жабылатын цапфадан тұрады! Балаларды қорғау үшін де шешім ойластырылған: тұтқалардағы арнайы құлыптар олардың терезені ашып алуына мүмкіндік бермейді. Сыртқы жағынан бұрғылап тесуден қорғайтын тетіктер де бар. Жоғарыда атап өтілген жүйелермен жиынтығында Алкон+ фирмасы өз клиенттеріне қорғаныш пленкасын пайдалануға кеңес береді: біріншіден, бұл қажетсіз кіруден қосымша қорғану, ал, екіншіден, ол егер сындырылса, әйнек шағындыларынан жарақат алып қалуға мүмкіндік бермейді.

Жасырын фурнитура  — бұл жүйенің барлық элементтері, ілмектерін қоса алғанда, жарма фальцына ықпалдастырылған және көзге көрінбейді. Терезе құралдарының бұл жүйесі жарма массасы 100 кг дейінгі ПВХ-дан жасалған кез келген терезелерде пайдаланылуы мүмкін. Фурнитура қорап қуысына толықтай жасырылған, сондықтан үй-жайдағы жылы ауамен байланысқа түспейді және, осылайша, жылу берілуін тиімді төмендетеді. Жасырын фурнитура ілмекті топ айналасында бұзып кіруге төзімділігін арттырады. Сондай-ақ жоғарғы және төменгі ілмектер конструкциясының технгологиялылығының арқасында терезе элементі бұзып кіруге төзімділіктің әртүрлі дәрежелеріне сәйкес келетін бұзып кіруге төзімді фурнитурамен оңтайлы жабдықталуы мүмкін